ТүрікПа-ның жаңа кеңсесі ашылды

Әзірбайжан астанасы Бакуде Түркітілдес елдердің Парламенттік ассамблеясының жаңа әкімшілік кеңсесі ашылды.

636277
ТүрікПа-ның жаңа кеңсесі ашылды
TurkPa

22 желтоқсан күні Әзірбайжан астанасы Бакуде Түркітілдес елдердің Парламенттік ассамблеясының (ТүрікПА) жаңа әкімшілік кеңсесі ашылды.

ТүрікПА-ның жаңа кеңсесінің ашылу салтанатына Әзірбайжан Республикасы Ұлттық мәжілісінің Төрағасы Октай Асадов, Қазақстан Республикасы Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин, Қырғыз Республикасы Жоғарғы кеңесінің Төрағасы Чыныбай Турсунбеков пен Түркия Республикасы Ұлы Ұлттық Мәжілісінің Төрағасы Исмаил Кахраман қатысты.

Әзірбайжан Республикасы президенті Илхам Алиев парламент төрағаларын қабылдады.

Сонымен бірге ассамблея кеңесі шешімімен Әзірбайжан президенті Илхам Алиев, Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев, Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев және Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған «Еңбегі үшін» медалімен марапатталды.

Түркітілдес елдердің парламенттік ассамблеясы 2008 жылдың 21 қараша күні құрылды.  Секретариат болса 2010 жылдан бері Бекуде қызмет беріп келеді.  

ТүрікПа секретариатының жаңа кеңсесі Баку қаласының Бинегади ауданының Ерджебли және Ахундов даңғылдары бірлескен жерде орналасқан.



Ұқсас жаңалықтар