Түркияның Мугла қаласында да тәуелсіздік тойланды

Мугла қаласындағы Сыткы Кочман атындағы Университетінде қазақ мәдениеті таныстырылды.

633555
Түркияның Мугла қаласында да тәуелсіздік тойланды

Түркияның Мугла қаласындағы Сыткы Кочман атындағы Университетінде қазақ мәдениеті таныстырылды.

Әдебиет факультеті замандас түркі диалекттері кафедрасындағы Түркі әлемі театр тобы ұйымдастырған шараға университетте білім алатын қазақ студенттермен қоса азаматтар және университет оқытушылары қатысты.

Шараның бастауында екі елдің ұлттық ән ұрандары шырқалып, Доц. Др. Экрем Аян ашылу баяндамасын оқыды.

25 жыл бұрын тәуелсіздігін жариялаған Қазақстанның әлемде жұлдыз болу жолында жылжығанын білдірген Аян Қазақ елін 120-дан астам елдің танығанын атап көрсетті.

Баяндамалардан кейін Түрік тілі және әдебиеті бөлімінің студенті Сенбек Өтебеков 1986 жылы тәуелсіздік күресінде шейіт болған Қайрат Рысқұлбековтың өмірін сомдады.

Шараның екінші бөлімінде болса қазақ киіз үйі пішінінде дайындалған сахнада қазақ студенттер мәдени өмірді,  би мен музыканы таныстырды.

Қазақ жастары тұсау кесер ресімін сахналады.



Ұқсас жаңалықтар