Қазақстан басшысы көңіл айтты

Нұрсұлтан Назарбаев президент Ердоғанға көңіл айтты.

628026
Қазақстан басшысы көңіл айтты

Қазақстан Республикасы мемлекет басшысы Түркия басшысына қайғырып көңіл айтты.

Түркияға жолданған жеделхатта Қазақстан Президентінің террорлық акт туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдағаны айтылған.

«Заманауи сын-қатерлер өршіп тұрған алмағайып заманда біз Түркиямен бірге халықаралық қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін күш жұмылдыруға дайынбыз», – делінген жеделхатта.

Қазақстан басшысы қаза болғандардың отбасылары мен жақындарына бауырлас қазақ халқының және жеке өзінің атынан көңіл айтты, сондай-ақ зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.



Ұқсас жаңалықтар