Қазақстанның 25 жылдығы Анкарада тойланды

Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 25 жылдығы астана Анкарада тойланды.

622359
Қазақстанның 25 жылдығы Анкарада тойланды

Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 25 жылдығы астана Анкарада ұйымдастырылған кешкі қонақасында тойланды.

Қонақасына Ғылым, өнеркәсіп және технология министрі Фарук Өзлү, Түркия Ұлты Ұлттық Мәжілісі төрағасының өкілі Акиф Хамзачеби, Республикашыл Халық партиясы лидері Кемал Кылычтароғлұ, Үлкен Бірлік партиясы төрағасы Мұстафа Дестижи мен кейбір саясатшы, бюрократ және дипломаттар қатысты. 

Қазақстанды бірінші болып таныған елдің бірінің Түркия екенін түсіндірген Фарук Өзлү Қазақстан мен Түркия арасындағы қарым-қатынастардың күн сайын тіпті ілгері дамығанын білдірді.

Түркия Ұлты Ұлттық Мәжілісі төрағасының өкілі Акиф Хамзачеби болса, бірдей тарих пен мәдениетті бөліскендігі себепті Қазақстанның Түркия үшін өте маңызды болғанын айтты.

Екі ел арасындағы сауда көлемінің 2 миллиард доллар болғанын баяндаған Хамзачеби бұның жеткілікті емес екеніне және осы санақтың 10 миллиард доллар деңгейіне көтеру керектігін атап өтті.

 

 

 



Ұқсас жаңалықтар