Түркі әлемінің Мәдениет астанасы болып Түркістан қаласы сайланды

Түрік мәдениетінің халықаралық ұйымы Түріксойдың Әзірбайжанда өткен Тұрақты кеңес жиналысында осындай шешім қабылданды.

621780
Түркі әлемінің Мәдениет астанасы болып Түркістан қаласы сайланды
ahmet yesevi türbesi.jpg
ahmet-yesevi-universitesi02.jpg
AHMET YESEVI TURBESI.jpg

Түркі әлемінің Мәдениет астанасы болып Түркістан қаласы сайланды.

Түрік мәдениетінің халықаралық ұйымы Түріксойдың Әзірбайжанда өткен Тұрақты кеңес жиналысында осындай шешім қабылданды.

2016 жылдың Түркі әлемі Мәдениет астанасы Шеки қаласында өткен жиналысқа Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Түркия, Түрікменстан, Молдовадағы Гагауыз елі, Солтүстік Кипр Түрік Республикасының Мәдениет министрлері және өкілдері қатысты.

Жиналысқа Түрік кеңесі,  Түркітілдес мемлекеттер парламенттік ассамблеясы ТүрікПа, Түрік Академиясы,  Түрік Мәдениет Мұрасы сынды халықаралық ұйымдардың да өкілдері қатысты.

Түркия атынан жиналыста Мәдениет және туризм министрінің орынбасары Нихат Гүл орын алды.

Жиналыста Тұрақты кеңестің 35-ші жиынының координаторлығын Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт министрлігінің атқаруы және жиынның 2017 жылы Түркістан қаласында өткізілуіне шешім берілді.

Айырықша Әзірбайжан Республикасының Мәдениет және туризм министрлігінің ұсынысымен 2017 жылдың Түріксойға мүше елдерде туылғанына 300 жыл толуына орай Молла Панах Вагыфты еске алу жылы деп жариялануы да қабылданды.

Тарихи деректерге сүйенсек,  4-ғасырда құрылған,  бұрын Ясы деп аталған Түркістан қаласы ұлы ойшыл Қожа Ахмет Яссауи туылған қала ретінде танымал.

ЮНЕСКО-ның Әлемдік мұра тізіміне де енген қалада 14-ғасырда Әмір Темір салғызған Яссауи кесенесі орын алады.

Бұл қалада 1992 жылдан бері Қожа Ахмет Яссауи атындағы Қазақ-Түрік университеті де қызмет етіп келеді.

Қала тарихи реңі, заманауи тұрмысы және тартымдылығымен назар аударады.



Ұқсас жаңалықтар