Бердімүхамедов Өзбекстан вице-премьерімен кездесті

Екі ел арасындағы ынтымақтастық мүмкіндіктері қолға алынды.

606462
Бердімүхамедов Өзбекстан вице-премьерімен кездесті

Түрікменстан президенті Құрбанқұлы Бердімұхамедов Өзбекстан вице-премьері Ұлықбек Розукуловпен кездесу өткізді.  Кездесуде екі ел арасындағы ынтымақтастық тақырыптары қолға алынды.

Өзбекстан вице-премьері «Бауырлас екі халықтың еркін жігеріне сай елінің Түрікменстанмен ынтымақтастық жетілдіруге дайын екенін» білдірді.

Бердімұхамедов болса «Жақын көршілерімен өзара пайдалы қатынасты нығайту – Түрікменстанның сыртқы саясатының стратегиялық басымдығы» деді.

Кездесуде екі ел арасында сауда және экономикалық секторда, егіншілік, өнеркәсіп және қатынас саласында тиімді байланыс үшін жақсы мүмкіндіктер бар екені атап көрсетілді.

Екі ел арасындағы стратегиялық ынтымақтастықтың ең маңызды бағыты энергия секторы болып табылады.  Түрікменстан 2009 жылдан бері Өзбекстан арқылы Қытайға табиғи газ сатып отыр.

Екі ел Өзбекстан-Түрікменстан-Иран-Оман қатынас дәлізін қалыптастыру жобасын да қолға алды. Осы жоба халықаралық транзит жүк әлеуетін арттырып,  жоба қатысушыларының әлем нарығына қол жеткізуін жеңілдете түседі.



Ұқсас жаңалықтар