ТИКА Моңғолияда мұражай ашты

Орталықта тарих сахнасынан жоғалып бара жатқан духа түріктерінің тарихы мен мәдени мұрасы ұрпақтан ұрпаққа жететін болады.

592812
ТИКА Моңғолияда мұражай ашты

ТИКА Моңғолияда мұражай ашты.

Түрік Ынтымақтастық және координация басқармасы Моңғолияның бас қаласы Ұланбатырға шамамен 1400 км қашықтықтағы Духа түріктері (Цаатандар) көп өмір сүретін Tsagaannuur ауданында зерттеу орталығы мен мұражай ғимаратын салды.

Аудандағы ашылу салтанатына ТИКА төрағасының орынбасары Сүреяя Эр, ТИКА Ұланбатырдағы бағдарлама координаторы Вейсед Чифтчи, моңғол басшылар мен жергілікті халық қатысты.

ТИКА төрағасының орынбасары Эр Духа түріктері зерттеу орталығы мен мұражайды «Тайға мелодиясы» атты ұйымның талабына орай салғандарын айтты.

Орталықта тарих сахнасынан жоғалып бара жатқан духа түріктерінің тарихы мен мәдени мұрасы ұрпақтан ұрпаққа жететін болады.



Ұқсас жаңалықтар