48 елмен визасыз тәртіп

Қазақстан инвесторлар мен туристерді тарту мақсатында визасыз тәртіп орнатылатын ел санын арттырады.

588111
48 елмен визасыз тәртіп

Қазақстан инвесторлар мен туристерді тарту мақсатында 2017 жылдан бастап визасыз тәртіп орнатылатын ел санын 48-ге шығарады.

Қазақстан Индустрия және даму министрі Жеңіс Қасымбек келесі жылы қаңтар айында Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына мүше елдер үшін виза тәртібінің алынып тасталатынын айтып. «Осылайша визасыз тәртіп орнатылған ел саны 48 болады» деді.

Түркиямен бірге Ресей, Италия,  Германия, Америка Құрама Штаттары және Ұлыбритания сынды елдерден келген турист санының артқанына назар аударған министр елдегі қонақүй санының да соңғы 10 жылда 871-ден 2441-ге жеткенін айтты.

Қасымбек келесі жылы Қазақстанда болатын Астана EXPO 2017 Халықаралық көрмесі аясында елге келетін туристерге түрлі саяхаттар ұсынылатынын, қатынас инфрақұрылымын жақсарту жұмыстарының жалғасыа жатқанын атап көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар