"Хабар" агенттігінің делегациясы қонақта болды

TRT Сыртқы Эфирлер бөлімшесінде бүгін Қазақстаннан маңызды қонақтар болды.

574461
"Хабар" агенттігінің делегациясы қонақта болды
kazak heyet2.jpg
kazak heyet3.jpg

TRT Сыртқы Эфирлер бөлімшесінде бүгін Қазақстаннан маңызды қонақтар болды.

«Хабар» агенттігінің АҚ Басқарма төрайымының орынбасары Ринат Кертаевтың басшылығында қазақ делегациясы TRT мекемесіне келді.

TRT Сыртқы Эфирлер департаментінде қазақ делегациясын департамент басшысы Др. Сүлейман Ердал қарсы алды. Жылы атмосферада өткен кездесуде екі тарап өз қызметтері және корпорациялардың мақсаттары жөнінде, ақпараттық кеңістіктегі жаңалықтар туралы сөйлесті.

Болашақта тығыз әріптестік құруға ниеттес тараптар болашақта басылатын қадамдарды әңгіме қылды, екі корпорация арасында орнатуға болатын серіктестік тақырыптарын талқыға салды. Екі мекеме арасында келіссөз жүргізіп, ақпараттық желідегі серіктестік, ынтымақтастық мүмкіндіктерінің егжей-тегжейлі қолға алынуы, кейбір ортақ жобаларды бірігіп атқару ниеттері тілге тиек етілді.

Сөз барысында Қазақстан мен Түркия ақпарат алмасу, мамандардың тәжірибесін арттыру,  біліктілік жетілдіру саласында бірігіп қозғалу да орын алды.

Кездесу барысында «Хабар» агенттігі төрайымының орынбасары Ринат мырза Сүлейман Ердал мырзаны Қазақстанның 25 жылдық мерейтойы аясындағы мерекелік шараларға қатысуға шақырды. Шақыруды ыстық лебізбен қарсы алған Сүлейман мырза TRT ретінде барлық ынтымақтастық мүмкіндіктерін қарастырып,  серіктестік құруға дайын екендерін білдірді.

Артынан қазақ делегациясына TRT құрамындағы жаңалықтар студиясы таныстырылды.



Ұқсас жаңалықтар