Үкімет басшысы ауысты

Қазақстанда үкіметті уақытша Сағынтаев басқаратын болды.

567697
Үкімет басшысы ауысты

Кәрім Мәсімовтің басқа қызметке ауысуына байланысты ҚР Премьер-министрінің міндетін уақытша атқару Бақытжан Сағынтаевқа жүктелді.

Бұл туралы Қазақстан баспасөз органдары жазды.

 «Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің міндеттерін уақытша атқару Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Әбдірұлы Сағынтаевқа жүктелсін», - делінген бүгін Елбасы қол қойған сәйкес Жарлықта.

Бұған дейін Үкіметті басқарған Кәрім Мәсімов Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы болып тағайындалды.



Ұқсас жаңалықтар