ШЫҰ саммиті басталды

Саммитте 2025 жылға дейінгі стратегиялық іс-қимыл жоспарына қол қойылады.

517374
ШЫҰ саммиті басталды

Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы мемлекет басшылары саммиті Өзбекстанның бас қаласы Ташкентте басталды.

Жиналыстың ашылу баяндамасын оқыған Өзбекстан президенті Ислам Каримов ұйымға кезекті төрағалық атқарған елінің осы міндеттегі басымдықтары ретінде ұйым аясында жан-жақты ынтымақтастықтың дамытылуына,  өткен жылы Уфада өткен саммит және одан бұрынғы кездесулерде келісілген тақырыптарды жүзеге асыруға көңіл бөлгендерін білдірді.

Өзбекстанның кезекті төрағалығы барысында 50-ден астам жиналыс пен шара өткізілгенін айтқан Каримов бүгінгі саммитте қолға алынатын құжаттарлардың дайындалғанын және мұның ұйымның мекемелері мен мүшелерінің бірігіп жұмыстануының нәтижесі екенін атап көрсетті.

Каримов бүгін Ташкент декларациясы арқылы ұйымның 2025 жылға дейін стратегиялық іс-қимыл жоспарына қол қойылатынын білдірді.

Өзбекстан басшысы сондай-ақ қол қойылуы көзделген Үндістан пен Пәкістанның мүшелік мәртебелеріне байланысты жауапкершілік меморандумының Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының даму үдерісінде маңызды саты болатынын атап көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар