ШЫҰ Ташкентте бас қосты

Ұлттық қауіпсіздік кеңесі бас хатшыларының жиналысы Өзбекстанның бас қаласы Ташкентте басталды.

471084
ШЫҰ Ташкентте бас қосты

Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше елдер ұлттық қауіпсіздік кеңесі бас хатшыларының жиналысы Өзбекстанның бас қаласы Ташкентте басталды.

Өзбекстан Ұлттық қауіпсіздік кеңесі бас хатшысы Виктор Махмудов жиналыстың ашылу салтанатында сөйлеген сөзінде ұйымның аймақта қауіпсіздік және тұрақтылықтың қамдалуына көңіл бөлетінін айтты.

Махмудов Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының аймақта террорзм және есірткі саудасымен күресте маңызды ұйымға айналғанын атап көрсетті.

Махмудов жиналыста аймақтық қауіпсіздік және тұрақтылықтың қамдалуы және қауіптерге қарсы ортақ күресуде ынтымақтастықтың нығайтылуына бағытталған шешімдер қабылданатынына сенетінін айтты.

Жиналысқа Қытай Мемлекеттік кеңес мүшесі және Қоғам қауіпсіздігі министрі Го Шэнкунь, Ресей Қауіпсіздік кеңесі бас хатшысы Николай Патрушев, Қазақстан Қауіпсіздік кеңесі бас хатшысы Нұрлан Ермекбаев, Қырғызстан Қорғаныс кеңесі бас хатшысы Темір Жұмақадіров, Тәжікістан Қауіпсіздік кеңесі хатшысы Абдуррахим Каһһаров және Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы бас хатшысы Рашид Алимов қатысуда.



Ұқсас жаңалықтар