Қырғызстанның премьер-министрі отставкаға кетті

Темир Сариев өзі жайлы шыққан қауесеттердің үкіметті қинағаны себепті отставкаға кетуге шешім қабылдағанын атап айтты.

469031
Қырғызстанның премьер-министрі отставкаға кетті

Қырғызстандағы жол құрылыстары тендерінде заңсыздық жасағаны жайлы қауесеттер артқан соң премьер-министр Темир Сариев отставкаға кетті.

Премьер-министр Темир Сариев кабинет жиналысында жасаған мәлімдемесінде отставка хатын президент Алмазбек Атамбаевке жібергенін жариялады.

Өзі мен үкіметті жалған және қаралау әрекеттеріне баршаның куә екенін атап айтқан Сариев «Елде 'саяси климат' қатты өзгерді. Осы жағдай үкіметтің жұмыстарын шайқады» деді.

Жол құрылысы тендеріндегі заңсыздық жайлы қауесеттерге де тоқталған Сариев «Мен тендер кезеңіне кезкелген түрде араласқан жоқпын. Мұны ашық түрде айтамын. Мен бұл оқиғаның зерттелуін талап етемін. Бірақ кейбір саяси күштердің мұны қаламағанын көріп отырмын» деді.

Сариев өзі жайлы қауесеттердің кабинетті қинағаны себепті бүгін отставкаға кеткенін атап айтты.



Ұқсас жаңалықтар