СКТР елбасы Мұстафа Акынджы понти тарапын сынға алды

СКТР елбасы Ассошиэйтед пресс агенттігіне понтилердің бір жақты табиғи газ тендері жариялағанын мәлімдеді.

465015
СКТР елбасы Мұстафа Акынджы понти тарапын сынға алды

Солтүстік Кипр Түрік Республикасы (СKTР) елбасы Мұстафа Акынджы Кипр маңынан шығарылатын табиғи газбен байланысты понти әкімшілігінің бір жақты тендер жариялауын аймақтың қызуын арттыратынын мәлімдеді.

СКТР елбасы Акынджы Ассошиэйтед пресс агенттігіне берген сұхбатында понтилердің бір жақты табиғи газ тендері жариялауы мен күн тәртіптегі тақырыптарға тоқталды.

Аймақтан табылу ықтимал табиғи газды ақылмен шығарып аймақта одан көп қызуды арттырмайтындай басқарған жағдайда, баршаның мүддесіне болатынын атап айтқан Акынджы Кипр Понти әкімшілігін өзара бұрғылау үшін асықпау жөнінде хаттама бекітілгеніне қарамастан табиғи газ тендеріне шығуын сынға алды.

Елбасы Акынджы Кипр маңынан шығатын табиғи газ табысын Кипр мәселесін шешу барысында қаржыландыру жұмыстарына қолданыла алатынын атап, Понти әкімшігіне бір жақты тендер жариялағаны үшін наразылық көрсетті.

Понти әкімшілігі басшысы Никос Анастадиадиспен келіссөздер бастағанда бұл кезеңнің мәселеге айналмайтынын ойлағанын айтқан Акынджы қазір бұл жағдайды қауіп ретінде бағалағандарын жеткізді.



Ұқсас жаңалықтар