Түркия Әзірбайжанның қайғысын алғаш бөліскен ел болды

Армения-Әзірбайжан майдан желісінде 12 әскері шәйіт болған бауырлас ел Әзірбайжанның қайғысын алғаш Түркия бөлісті.

463526
Түркия Әзірбайжанның қайғысын алғаш бөліскен ел болды

Президент Режеп Тайып Ердоған әріптесі Илхам Алиевке телефон шалып, көңіл айтты.

Президент Ердоған түрік халқы атынан Әзірбайжанның шәйіт әскерлері үшін Алланың рақымшылығы мен жаралыларға шипа тіледі.

Әзірбайжанға қолдаудың жалғасатынын атап көрсеткен Ердоған қақтығыстардың алдын ала алмаған АҚШ, Ресей және Франциядан құрылған Минск үштігін айыптады.

Минск үштігінің қақтығыстарды назарға алмауы нәтижесінде бұл қайғылы оқиғаның болғанын атап айтқан Ердоған «Егер Минск үштігі осында әділ және тұрақты түрде нәтиже шығатын қадамдар басқанда, бүгінгі оқиғалар болмас еді» деді.

Әзірбайжан президенті Алиев болса қолдауы мен ынтымақтастығы үшін президент Ердоған мен түрік халқына алғысын білдірді.

Армения-Әзірбайжан қақтығысы мен Таулы Қарабах мәселесінің шешімінде Түркияның әрқашан Әзірбайжанға берген қолдауы үшін ризашылығын айтқан Илхам Алиев түрік халқына құрметін білдірді.

Премьер-министр Ахмет Давутоғлу да Әзірбайжан президентіне телефон шалып көңіл айтты.

Алиев әңгіме барысында Давутоғлуна Әзірбайжан армиясының Арменияның провокациялы әрекеттерін тұрақтылықпен алдын алғанын және қажетті қарсылықты беретінін атап көрсетті.

Давутоғлу болса Арменияның провокацияларын алдын алғаны себепті құттықтап, қолдауын қайталады.

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу болса әзірбайжандық әріптесі Элмар Меммедяровқа телефон шалып, Армениямен шекара желісінде шыққан қақтығыста шәйіт болған Әзірбайжан әскерлері үшін көңіл айтты.

Сыртқы істер министрлігінен жасалған мәлімдемеде болса Армения тарапынан Әзірбайжанға бағытталған зеңбірек шабуылы мен жазықсыз халыққа ықпал еткен шабуылдарды айыптап, «Арменияны атысты тоқтатуға, қақтығыстарды жоюға шақырамыз» делінді.

Мәлімдемеде «Таулы Қарабах келісімсіздігінің шешімі үшін құрылған Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы Минск тобының мүшесі ретінде Түркия келісімсіздікке Әзірбайжанның шекара тұтастығы мен егемендігі аясында әділ және тұрақты шешім ізденісі бағытында басылатын қадамдарға қолдауын жалғастырады» делінді.



Ұқсас жаңалықтар