Наурыз БҰҰ-да тойланды

Түрік мәдениетінің халықаралық ұйымы Түріксой Наурызды БҰҰ-да тойлады.

460403
Наурыз БҰҰ-да тойланды

Түрік мәдениетінің халықаралық ұйымы Түріксой Наурызды БҰҰ-да тойлады.

Түркі әлемінен жиналған 150 өнер қайраткері БҰҰ ғимаратында концерт берді.

БҰҰ тарапынан материалдық емес мәдениет мұрасы ретінде қабылданған Наурыз көптеген дипломат және қонақтың қатысуымен атап өтілді.

Биылғы мерекелік шара Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғызстан және Түрікменстанның тәуелсіздіктерінің 25 жылдығына арналды.

Рәсімде сөз сөйлеген БҰҰ бас хатшы орынбасары Ян Эллиассон Наурыздың БҰҰ мәдени мұра тізімінде екенін еске салып, БҰҰ-да бес жыл үзілістен кейін Түріксой концертін тамашалаудың тамаша екенін айтты.

Түріксой бас хатшысы Дүйсен Қасейінов та Түркия және Бельгиядағы террор лаңкестіктерін айыптап, осы қайғылы оқиғалардың көлеңкесінде Наурыз мерекесін шаттықпен тойлай алмағандарын айтты.

Баяндамалардан кейін 15 елден келген шамамен 150 өнер қайраткері наурызбен бірге келген көктем ұсынған бірлік, тірлік, сүйіспеншілік пен бауырластықты бейнелейтін өнерлерін көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар