Ердоған Алиевпен кездесті

Алиев «Басты нәрсе халқымыздың береке-бірлігі және бауырластығы» деді.

451257
Ердоған Алиевпен кездесті

Түркия мен Әзірбайжан арасында бүгін Бакуде өткізілуі жоспарланған Жоғарғы деңгейдегі стратегиялық кеңесі 5-ші кезекті жиналысы Анкараға алынды.

Әзірбайжан Президенті Илхам Алиев Анкарада жексенбі күні болған опасыз шабуылға орай Түркиямен селбесу аясында жиналыстың Бакудің орнына Анкарада өткізілуін ұсынған еді.

Президент Режеп Тайып Ердоған террормен күресу тақырыбында Түркиямен нақтылы селбесу көрсеткені үшін ұсынысты қабылдап, Алиевке алғыс айтты.

Ердоған Түркияны нысанасынан және бағытынан бас тартқызғысы келгендердің арам ниетінің жүзеге аспайтынын айтты.

Жексенбі күні Анкарада болған опасыз шабуылды тағы бір мәрте лағнет еткен Ердоған «Террорды қолдануда. Түркияға тізе бүктіре алмайды. Керісінше өздері алдымызға келіп бас иеді» деді.

Ердоған ресми сапармен Түркияға келген Әзірбайжан Президенті Илхам Алиевпен кездескеннен кейін ортақ баспасөз мәслихатын ұйымдастырды.

Ероған «Біз де жаулау астындағы Таулы Қарабах болып әр салада Әзірбайжан бауырларымыздың қасында боламыз» деді.

Әзірбайжанмен ортақ жүргізілген Транс Анадолы табиғи газ құбыр желісі жобасы TANAP жобасының ойдағыдай ілгерілегенін түсіндірген Ердоған Баку-Тбилиси-Карс теміржолының ашылуының болса желтоқсан айында болатыны жөнінде сүйінші берді.

Қонақ Президент Илхам Алиев болса жексенбі күнгі опасыз шабуылына орай түрік халқына көңіл айтты, Түркияға бағытталған террор әрекеттерінің ешбір нәтижеге жетуінің мүмкін емес екенін айтты.

Алиев «Басты нәрсе халқымыздың береке-бірлігі және бауырластығы» деді.



Ұқсас жаңалықтар