Түркия Ходжалы қырғынын айыптады

Түркия Сыртқы істер министрлігі Ходжалы қырғынының 24 жылдығына орай хабарлама жариялады.

439676
Түркия Ходжалы қырғынын айыптады

Түркия Сыртқы істер министрлігі Ходжалы қырғынының 24 жылдығына орай хабарлама жариялады.

Сыртқы істер министрлігі қырғын мен аймақта әлі жалғасып келе жатқан басқыншылықты айыптады.

Хабарламада 1992 жылы 26 ақпан күні Әзірбайжанның Таулы Қарабах аймағындағы Ходжалы қаласына жасалған шабуылда қаза тапқандар еске алынды. Хабарламада. «Түркия ретінде Әзірбайжандық бауырларымыздың бұдан 24 жыл бұрын Ходжалыда ұшыраған шабуыл мен қырғынды жүрегімізбен сезінеміз, бұл қайғыны олармен бөлісеміз» деп айтылды.

Хабарламада сонымен бірге «Армения Республикасының әскери жасақтары жасаған осы қырғын мен Әзірбайжан жерінің басқыншылығын айыптаймыз» деп жазылды.

Армян жасақтары 1992 жылы 26 ақпан күні Әзірбайжанның Таулы Қарабах аймағындағы Ходжалы қаласына шабуылдап, 613 азаматты қырып салды. Бұлардың 106-сы әйел, 63-і бала, 70-і қария болатын.

Шабуылда 1275 адам жараланды.

Сол кезден бері жоғалып кеткен 150 адамның тағдыры болса белгісіз.



Ұқсас жаңалықтар