НАТО Бас хатшысының арнайы өкілі Әзірбайжанда

Джеймс Аппатурайды Әзірбайжан президенті Илхам Алиев қабылдады.

433484
НАТО Бас хатшысының арнайы өкілі Әзірбайжанда

НАТО Бас хатшысының Оңтүстік Кавказ және Орталық Азияға жауапты арнайы өкілі Джеймс Аппатурайды Әзірбайжан президенті Илхам Алиев қабылдады.

Әзірбайжан президенттік аппараттың хабарламасына қарағанда, Алиев-Аппатурай кездесуінде Ресей мен көрші елдермен қатынастар және Қарабах мәселесі талқыланды.

Президент Алиев кездесуде НАТО-нің қабылдаған құжаттары арқылы Әзірбайжанның территория тұтастығына қолдау бергеніне ризашылығын тілге тиек етті.

Әзірбайжанның одақтың сенімді серігі екенін атап көрсеткен Аппатурай да Әзірбайжанның НАТО-ға деген көмегіне алғыс білдірді.



Ұқсас жаңалықтар