Түркия Кипрде шешім қалайды

Еуропа Одағы министрі Кипрде екі аймақты, екі қоғамды, саяси жағынан тең шешім талап ететіндерін айтты.

424974
Түркия Кипрде шешім қалайды

Еуропа Одағы министрі және бас келіссөз жүргізуші Волкан Бозкыр Кипрде екі аймақты, екі қоғамды, саяси жағынан тең шешім талап ететіндерін айтты.

Волкан Бозкыр Анкарада өткен Түркия мен ЕО Министрлер деңгейіндегі саяси диалог жиналысына баға берді.

Бозкыр жиналыста Кипр келіссөздерінің де қолға алынғанына назар аударды.

Түркия ретінде екі жаққа да пайдалы шешімді қалайтындарын білдірді.

Еуропа Одағы мен Түркия арасындағы виза жеңілдігі тақырыбына да тоқталған министр 2016 жылдың қазан айынан бастап Түркияға виза жеңілдігі берілетінін айтты.



Ұқсас жаңалықтар