Түркі академиясы Бішкекте конференция өткізді

Конференцияда Жүсіп Баласағұнның мұрасы жан-жақты қолға алынды.

423972
Түркі академиясы Бішкекте конференция өткізді

«Түркі академиясы халықаралық ұйымы Бішкек қаласында «Манас» Қырғыз-Түрік университетімен бірлесіп «Бүгінгі Орта Азия және Жүсіп Баласағұн мұрасы» тақырыбында конференция өткізді» деп хабарлайды академия баспасөз қызметі.


Ұлы ойшыл Жүсіп Баласағұнның 1000 жылдығына орай ұйымдастырылған бұл жиынның ашылу салтанатында сөз сөйлеген Қырғыз Республикасы Президенті Әкімшілігінің жауапты өкілі Заир Ергешев, «Манас» қырғыз-түрік университетінің президенті Сабахатдин Балжы, Түркі академиясының басшысы Дархан Қыдырәлі конференция жұмысына сәттілік тіледі.


Көрнекті ғалымдардың қатысуымен өткен ғылыми жиында Еуразия Ұлттық университетінің Дінтану бөлімінің жетекшісі Ә.Мүмінов «Қарахан дәуіріндегі Орта Азиядағы діни ахуал» және Түркі академиясының қызметкері Т.Козырев «Бүгінгі Орта Азия проблемалары мен Жүсіп Баласағұнның мұрасы» тақырыбында баяндамалар оқыды.


Сонымен қатар, конференция аясында көрнекті қырғыз ғалымы, профессор Қадыралы Қоңқобаевтың «Алтай республикасындағы ежелгі түркі жазба ескерткіштерінің атласы» атты иллюстрациялы кітабының тұсаукесері өтті. Осы ретте, түркітанушы мамандар мен ежелгі түркілердің мәдениеті, тілі мен тарихына қызығатын жалпы оқырманға арналған бұл көлемді басылымның Түркі академиясы халықаралық ұйымының әзірлеуімен жарық көргенін атап өту керек.
http://twesco.org/



Ұқсас жаңалықтар