Түркі академиясының Анкарадағы жиыны

Жиында академия таныстырылып, ғалымдар марапатталды.

423335
Түркі академиясының Анкарадағы жиыны

Түркияның жүрегі Анкара қаласында Халықаралық Түркі академиясының салтанатты жиыны болып өтті.
Түрік тілі мекемесінің ғимаратында болған жиынға Түркия Республикасының кейбір министрлері, Қазақстанның Түркиядағы өкілетті және төтенше елшісі Жансейіт Түймебаев,Түрік Тілі мекемесінің басшысы Мұстафа Синан Качалин, Түркия Ғылым академиясы басшысы Ахмет Джеват Аджар, Қожа Ахмет Яссауи Университеті өкілетті кеңес төрағасы Муса Йылдыз, Еуразия Жазушылар одағы төрағасы Якуп Өмероғлу, Түріксой бас хатшы орынбасары Фырат Пурташ, көптеген түрколог ғалым мен анкаралық қауым қатысты.
Ашылу баяндамасын жасаған Түркия Ғылым академиясы басшысы Аджар мен Түрік Тілі мекемесі басшысы Качалин Түркі академиясының жұмыстарын жоғары бағалай келе, халықаралық ұйымның басшысы Дархан Қыдырәліге табыс тіледі.
Сөз кезегін алған Қазақстанның Түркиядағы өкілетті және төтенше елшісі Жансейіт Түймебаев болса Түркі академиясының маңызына тоқтала келе ортақ әліппе, ғылыми зерттеулер, рухани құндылықтарды таныстыру мәселелеріне назар аударды.
Артынан Халықаралық Түркі академиясының басшысы Проф. Др. Дархан Қыдырәліакадемияның еңбектерін егжей-тегжейлі таныстырды. «Жоғалған құндылықтарымызды қайтадан жаңғырту мақсатымен жолға шықтық» деген ол түркі әлемінің ортақ әдебиетоқулығының дайындықтарының басталғанын сүйіншіледі.
«Қазақстан елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтқандай «Біздің тарихымызда ұялатын, бет қызартатын ешбір оқиға жоқ. Біздің тарихымыз мақтан тұтуға лайықты» деген Қыдырәлі сонымен бірге академияның ғылыми экспедициялық жұмыстарымен таныстырды.
Салтанатты жиынның келесі бөлімінде түріктің атақты тарихшысы, ғұлама ғалым, биыл 100 жасын толтырып отырған Проф. Халил Иналжык, түрколог ғалым, проф. Зейнеп Коркмазжәне Түркияның мемлекет қайраткері Хасан Желәл Гүзелге академияның құрметті марапаты салтанатты түрде табыс етілді.
Халықаралық түркі академиясының алтын медалі бұдан бұрын Қазақстан республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаев және Түркия Республикасының бұрынғы президенті Абдуллах Гүлге берілген болатын.
Анкарадағы жиынның соңғы бөлімінде Қожа Ахмет Яссауи Университеті жанындағыЯссауи өнер тобы Қазақстаннан осы жиын үшін ат арылтып келген белгілі қобызшы, Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген әртісі, Проф. Әлқуат Қазақбаевпен бірге өнер көрсетті. Түркінің тамырлы тарихынан нәр алған, ұлы аспап қобыздың даусы жиын үшін жиналған зиялы қауымды бір сәтте өзіне баурап алды.



Ұқсас жаңалықтар