Орыс соғыс ұшақтары түрікмен ауылдарына шабуылдады

Түрікмендер жиі өмір сүрген Сирияның Байырбуджак аймағы қоршау астында.

420649
Орыс соғыс ұшақтары түрікмен ауылдарына шабуылдады

Орыс ұшақтары әуе қолдауы берген режим күштері Түркия шекарасының дәл алдындағы Түрікмен тауына шабуылдауда.
4 күн бұрын бастаған шабуылдар бүгін де жалғасты.
Қақтығыстар Сирияның Лазкийе қаласының солтүстігінде Байырбуджак аймағында артты.
Орман алаңында жалғасқан қақтығыстардың дауысы Хатайдың Йайладағы ауданынан да естіледі.
Аймақта жарылыстардың артынан көтерілген тұмандар шекарадан байқалады.
Орыс әуе күштерінің әуеден режим күштерінің құрлықтан жалғасқан шабуылдарында түрікмен оппозициясының қорғандарына қоса ауылдар да нысанаға алынуда.
Ауылдардан қашқан түрікмен әйелдері мен балалар Түркияға жақын аймақтарға өз мүмкіншіліктерімен келіп өмір сүруге тырысады.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар