Әзірбайжанда депутаттық сайлау өтуде

Әзірбайжан Ұлттық Мәжілісі депутаттарын сайлау мерзімі басталды.

406561
Әзірбайжанда депутаттық сайлау өтуде

Кеңес Одағының тарқауымен тәуелсіздігін жариялаған әзірбайжандықтар Ұлттық Мәжіліс мүшелерін сайлау үшін 5-ші рет сандық басына барады.
Әзірбайжан Орталық сайлау комитеті жасаған мәлімдемеде сайлаудың сағат 08:00-де ресми түрде басталғаны жарияланды.
Шамамен 5 миллион 200 мың тіркеулі сайлаушысы бар елде 125 орындықты мәжілісте орын алу үшін 767 үміткер ат салысады.
Сайлау комитетінен жасалған мәлімдемеде дауыс беру мерзімінің 19:00-ге дейін жалғасатыны, бейресми қорытындының болса кешкі уақытта жарияланатыны білдірілді.
Президент Илхам Алиев пен жұбайы Михрибан Алиева азанғы уақытта Баку орталығындағы № 6 мектепке құрылған сандықта дауыс берді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар