Украинада Қырым татарлары "қоршауға алу" әрекеті бастады

Мерсинде суасты мәдениет мұрасы ортаға шықты

352435
Украинада Қырым татарлары "қоршауға алу" әрекеті бастады

Қырым Татар Мәжілісі басшылығында Украина жақтастары Ресей тарапынан басып алынған Қырымға азық-түліктен бастап әртүрлі өнімдерді тасыған көліктердің кірісіне кедергі жасауда.
Украинаның Чонгар ауданында көптеген активист пен Украина депутатынан бастап, шамамен мың адам жиналды.
Қырым Татар Мәжілісі төрағасы Рифат Чубаров пен Қырымға кіруіне тыйым салынған Украина парламенті депутаты Мұстафа Абдүлжемил Қырымоғлу да шеруге қатысты.
Украина полициясы болса ауқымды қауіпсіздік шараларын қабылдады.
Украинадан Қырымға барған жолдар жүк көліктерінің баруына кедергі болу үшін бетон блоктар, көліктер және сымдармен жабылды.
Дегенмен ереуілшілер жолаушы көліктері мен жаяу барғандарға кедергі жасамайды.
Ереуілшілер сондай-ақ Қырым татарларының құқықтарының кері қайтарылуын, араларында Қырым татар мәжіліс төрағасының орынбасары Ахтем Чийгөз де бар 7 тұтқынның босатылуын және тыйым салынған басшылардың Қырымға кіруіне рұқсат етілуін талап етеді.
Қырымның электр, су және азық-түлік өнімдері тұрғысынан Украинаға бағыныштылығы жалғасуда.
2014 жылдың ақпан айында Ресей Федерациясын заңсыз түрде Қырымды басып алған болатын.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар