Қытай Тайландтан әкелген 115 ұйғырдың бейнетаспасын жариялады

Қытайға қайтарылған ұйғырлардың бейнетаспасы халықаралық қоғамда наразылық туғызды.

379259
Қытай Тайландтан әкелген 115 ұйғырдың бейнетаспасын жариялады

Қытай мемлекеттік арнасы 115 ұйғырдың Тайландтан Қытайға қайтарылған кезде түсірілген бейне таспалар үлкен наразылық туғызды.
Ұшақта түсірілген бейне таспаларда ұйғырлардың бастарына қап кигізілгені, қолдарына арқаларынан кісең тағылғаны, көкіректеріне нөмірлер жабыстырылып, жалаңаяқ екендері байқалды.
Ұйғырлардың екі жағына отырып алған қытайлық жасақтар болса беттеріне маска тағып алған.
Адам құқықтары ұйымы осы көріністерге қатты наразылық көрсетті.
Өздеріне жасалған қысымдардан қашып, Тайландты паналаған 115 ұйғыр 9 шілде күні Қытайға қайтарылған болатын.
Әлем ұйғырлар конгресі болса кері қайтарылған ұйғырлардың сценарий бойынша сот алдына шығарылып артынан дарға асылатынын немесе ауыр шарттарда түрмеге отырғызылатынын жариялаған болатын.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар