Түркия Ахыска түріктеріне құшақ жайды

Түркия Украинада жағдайы қиындаған 677 Ахыска түркі жанұяның қоныс аударуын қабылдады.

277625
Түркия Ахыска түріктеріне құшақ жайды

Украинада өмір сүрген Ахыска түріктерінен 677 жанұя қоныс аударушы мигрант ретінде қабылданады.
Ресми газетте жарияланған шешімге қарағанда 2015 жылы 677 Ахыска түркі жанұяға қоныс аударушы мигрант болу хақы беріледі.
Шешімде «Украинада әсіресе қақтығыстар жалғасқан және қауіп төнген Ахыска (Месхет) түркі ағайындарымыздан Түркияға келгісі келгендер арасында жағдайын ең қиын болғандардан бастап» деген сөздер орын алды.
Сыртқы істер министрлігінің 2015 жылы 20 сәуір күні қабылдаған шешім Министрлер кеңесі тарапынан 27 сәуір күні қабылданған болатын.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар