СКТР-да Акынжы кезеңі

Акынжы Солтүстік Түрік Республикасының төртінші президенті болды.

251646
СКТР-да Акынжы кезеңі

Солтүстік Кипр Түрік Республикасында кеше 2-ші туры өткізілген президент сайлауында тәуелсіз үміткер Мұстафа Акынжы жеңіске жетті.
Дауыстың 60 пайызын алған Акынжы Солтүстік Түрік Республикасының төртінші президенті болды.
Басқа үміткер іс басындағы Мемлекет басшысы Дервиш Ероғлұның дауысы 39,5 пайызда қалды.
Мұстафа Акынжы нәтижелердің жариялануынан кейін Никосияда ұйымдастырылған митингте міндетті тапсырып алысымен Понти әкімшілігімен келіссөздерді бастайтынын білдіріп, «Біріккен Ұлттар Ұйымының да қолдауымен әр екі тараптың да қабылдауға болатын бір келісімді талқылаймыз» деді.
«Түркияның маңызын аңғарған бір саясатшымын» деген Акынжы Түркиямен жақсы қарым-қатынаста болуды нысаналағанын айтты.

 


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар