Қазақстанда президенттік сайлау өтуде

Қазақстанда президенттік сайлаудың алғашқы бейресми қорытындысы ертең жарияланады.

250865
Қазақстанда президенттік сайлау өтуде

Елде 9.5 миллион тіркеулі сайлаушы президенттік саулаудың үш кандидатынан бірін сайлайды.
Қазіргі президент Нұрсұлтан Назарбаев ең мықты кандидат ретінде көрсетіледі. Сайлауда Қазақстан халықтық коммунистік партиясының кандидаты Тұрғын Сыздыков пен 2009-2011 жылдары Қатынас министрі болған және өзін-өзі ұсынған Әбілғазы Құсайынов та жарысады.
Саулау комиссиясы бейресми қорытындының ертең жарияланатынын мәлімдеді. Кандидаттардың ешқайсысы 50 пайыздан көп дауыс жинамаған жағдайда сайлаудың екінші туры ең көп дауыс жинаған екі үміткер арасында қайтадан өтетін болады.
Қазақстанда мұның алдында өткен сайлаулар халықаралық бақылаушылар тарапынан «негізгі демократиялық ережелерге қарама-қайшы болғаны және тек қана белгіленген партиялардың сайлауға қатысуына мүмкіндік берілгені» себепті сынға алынған болатын.
Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымына қарасты Демократиялық мекемелер мен Адам құқықтары кеңсесі (ODIHR) 400 бақылаушысымен 15 бөлек аймақта сайлауды қадағалауда.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар