Ердоған мен Назарбаев ортақ баспасөз жиналысын өткізді

"Түркия мен Қазақстан бірге қозғалып, ынтымақтастығын көрсету керек!"

238486
Ердоған мен Назарбаев ортақ баспасөз жиналысын өткізді

Президент Режеп Тайып Ердоған ресми іс-сапармен барған Қазақстанда әріптесі Нұрсұлтан Назарбаевпен ортақ баспасөз жиналысыy өткізді.
Ердоған Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен жеке кездесуінде екіжақты ынтымақтастыққа қоса, халықаралық және аймақтық мәселелерде пікір алмасқандарын атап айтты.
Президент «Аймақты қоршап алған жалынға қарсы Түркия мен Қазақстан бірге қозғалып, ынтымақтастығын көрсету керек!» деді.
Қазақстанның Түркия үшін Орталық Азияның ең маңызды мемлекеттерінің бірі екенін атап айтқан президент Ердоған аймақтық мәселелердің екі ел арасындағы саудаға да ‘болымсыз’ ықпал еткенін білдірді.
Ердоған «Мұны реттейтінімізге және жоғалтқан мүмкіншіліктерді қайтаратынымызға сенімдімін. Сауда саласындағы нысанамызды 10 миллиард долларға жеткізу тақырыбында ортақ пікірдеміз» деді.
Анталияда өтетін EXPO 2016-ны еске салған Ердоған Қазақстанды Түркияның қасында көргісі келгендерін, Түркияның Қазақстанда жүзеге асатын EXPO 2017-ге  толық қолдау беретінін жеткізді.
Ердоған жиналыстың соңында Қазақстанда 26 сәуір күні өтетін президенттік сайлауға орай Нұрсұлтан Назарбаевқа табыс тіледі.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар