Өзбекстандағы президенттік сайлауда 4 кандидат жарысады

Төрт саяси партияның кандидаты жарысқан сайлауда 20 миллионнан астам сайлаушы дауыс береді.

286266
Өзбекстандағы президенттік сайлауда 4 кандидат жарысады

Орталық Азияның ең көп тұрғын санына ие Өзбекстанда халық президент сайлауы үшін сандыққа барады.
Сайлауда парламентте көпшілік дауысқа ие Либералды демократия партиясы үміткері қазіргі президент Ислам Каримовтың шансы жоғары.
Сайлауда Ислам Каримовтың қарсыластары ретінде Халық демократия партиясы басшысы Хатамжан Кетманов, Әділет және әлеуметтік демократия партиясы басшысы Нариман Умаров және Ұлттық ояну демократия партиясының заңгер үміткері Акмал Саидов атсалысады.
Парламентте көпшілікті қолда ұстаған биліктегі Либералды Демократия партиясының үміткері Каримов 2007 жылы желтоқсан айындағы соңғы президенттік сайлауда дауыстардың 88 пайызын жинап сайланған болатын.
1990 жылынан бері президенттік міндетін атқарған Ислам Каримов қайта сайланған жағдайда ел билігі қазірге дейін жалғастырған, кезкелген бір әскери одаққа мүше болмауды қамтыған байланыссыздық ережесін жалғастыруы күтіледі.
Өзбекстанда 135 аймақта қолданылған дауыстарға қоса әлемнің әртүрлі аймақтарында өмір сүрген өзбектер үшін сайлау сандығы құрылды.
Өзбекстандағы президенттік сайлау үшін сандық құрылған қалалар арасында Анкара мен Стамбұлда бар.
Өзбекстандағы сайлау 50-ге жуық мемлекеттен келген бақылаушылар тарапынан қадағаланады.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар