Хожалы қырғынының 23-ші жылдығы

Хожалы қырғыны түрлі іс-шаралармен еске алынды.

238092
Хожалы қырғынының 23-ші жылдығы

Бүгін армяндардың Әзірбайжанның Жоғарғы Қарабах аймағында 613 әзірбайжандықты өлтірген Хожалы қырғынының 23-ші жылдығы.
Баршаға аян 1992 жылғы 25 ақпан күні Хожалы қалашығына кірген армяндар Кеңес Одағының 366-шы сауытты полкының көліктерін қолданып, қаланы екі сағат бойы атқылады. Халық жанын аман алып қалу үшін таулы және орманды алаңдарға қашты. Армяндар қаланың тысында да қарусыз халықты қуалап жүріп өлтірді. Шабуылдан бір күннен кейін естен кетпес Хожалы қырғыны ортаға шықты.
Қырғын құрбандары астана Бакуде түнде ұйымдастырылған шерумен де еске алынды.
Қолдарына Әзірбайжан жалауын ұстаған қалың қауым, «Ана Феряды» ескерткіші алдына жиналып құрмет көрсетті және 613 шам жақты.
«Немесе Қарабах, немесе өлім», «Шәйіттер өлмейді, отан бөлінбейді» деп ұран салып, әнұран айтқан қалың қауым Каспий теңізі жағалауындағы Ұлттық саябағында жиналды.
Түркияда Хожалы қырғыны түрлі іс-шаралармен еске алынды. Президент Режеп Тайып Ердоған кеше Түркия іскер және кәсіпкерлер одағы делегациясын қабылдағанда Хожалы қырынының 23-ші жылдығына орай Әзірбайжан халқына көңіл айтты.
Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі төрағасы Жемил Чичек те Хожалы қырғынының 23-ші жылдығына орай жариялаған мәлімдемесінде қырғын қылмыстыларының сотқа тартылуы керектігін білдірді.
Ресми сапармен Әзірбайжанға барған Сыртқы істер министрі Мәвлүт Чавушоғлұ президент Илхам Алиевпен бірге Хожалы қырғынының жылдық бағдарламасына қатысады.

 


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар