Анкара Еуропа Парламентінің Кипр шешіміне наразылық көрсетті

Түркия Жалпы кеңесте қабылданған «Кипрда жоғалғандар туралы шешімді» қабылдамайтынын мәлімдеді.

218917
Анкара Еуропа Парламентінің Кипр шешіміне наразылық көрсетті

Сыртқы істер министрлігі мәлімдемешісі Танжу Билгич Еуропа Парламенті Жалпы кеңесінде қабылданған шешімде жоғалған түрік тектілер жайлы сөз қозғалмауын сынға алды.
Билгич «Шешім толығымен бір жақты болып, Еуропа Парламентінің абыройына көлеңке түсті. Адамзаттық бір трагедия болған Кипрда жоғалған кісілер тақырыбы тек қана понтилер емес, аралдағы түріктерге де қатысты өте нәзік бір мәселе» деді.
1963-1974 жылдар арасында қазірде табылмаған көптеген кипрлық түрік бар екенін еске салған мәлімдемеші «Шешімде кипрлық жоғалған түріктер жайлы сөз қозғалмауын қабылдай алмаймыз. Кипрлық түріктердің жоғалған адамдарын көрместен келіп, бір жақты шешім қабылдануы өте бақытсыз бір жаңалық. Бұл бір жақты шешімді ешқашан қабылдамаймыз» деді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар