Екінші «қара жәшік» табылды

Индонезияда құлаған ұшақтың маңызды екінші жәшігі теңізден шығарылды.

183806
Екінші «қара жәшік» табылды

Авиация тарихындағы ең ауыр трагедияның сыры ашылу алдында.


Индонезия су айдынында 28 желтоқсанда теңізге құлаған Аир Азия ұшағының екінші «қара жәшігі» де судан шығарылды.


Осы қара жәшіктің кеше шығарылған қара жәшіктен айырмашылығы ұшақтың ұшқыштар бөліміндегі кеңестерді тіркеуге алуы.


Ұшақтың қанаты ірі шарлармен жер бетіне шығарылғаннан кейін сүңгуірлер екінші қара жәшікті су бетіне алып шықты және зерттеу мақсатымен Индонезияның астанасы Жакартаға жолданды.


Мәйіттердің көбі бар деп мөлшерленген ұшақтың негізгі кеудесі әлі табылған жоқ.


Лауазымдылар ұшақ теңізге құлаған кезде ауа қысымы себепті бөлшектенгенін мөлшерлеп отыр.


Қазірге дейін теңізден 48 адамның мәйіті шығарылды.

 

 


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар