Украинадағы түркі халықтарының басы бірігеді

Киевте аймақтық диаспора орталығы ашылды.

160126
Украинадағы түркі халықтарының басы бірігеді

Киевте аймақтық диаспора орталығы ашылды.


Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастық кеңесі ұйытқы болған Аймақтық диаспора орталықтарының біріншісі кеше Киевте ашылды.


Орталық Түрік кеңесіне мүше Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Түркияның Украинадағы диаспоралары арасындағы қатынас пен ықпалдастықтың арттырылуы мақсатымен құрылды.
Салтанатты ашылуға Түрік кеңесінің бас хатшысы Рамиль Гасанов қатысты.


Гасанов Диаспора орталығының түркітілдес елдердің халықаралық тұғырларының нығайтылуы, осы елдердің мемлекет және халықтарының мәдени құндылықтарының таныстырылуы, түркі халықтарының алдына шыққан проблемалармен қатысты шындықтардың әлемге паш етілуі бағытында маңызды қадам басатынын атап көрсетті.


Салтанатты жиынға сондай-ақ Түркияның Киевтегі өкілетті және төтенше елшісі Джан Тезел, Киев муниципалитетінің төрағасының кеңесшісі Богдан Баласинович, Қырым Татар ұлттық мәжілісінің басшысы Рифат Чубаров, Қырғызстанның Киевтегі өкілетті және төтенше елшісі Ұлықбек Чиналиев, Украина Әзірбайжандықтары біріккен диаспорасы төрағасы Хикмат Джавадов, Украинада қызмет атқаратын «Достық» Қазақ мәдениет орталығы, Украина Халықаралық Қырғызстан қоғамы мен осы елде жұмыс істейтін Түркия Іскерлері қоғамы өкілдері қатысты.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар