Еуроодақ министрі Волкан Бозкыр СКТР-на барды

Бозкыр Кипр мәселесі жайлы мәлімдеме жасады.

188602
Еуроодақ министрі Волкан Бозкыр СКТР-на барды

Еуроодақ министрі Волкан Бозкыр «Солтүстік Кипр Түрік Республикасының Кипр мәселесін шешуге бағытталған талпыныстарын барша жақсы біледі» деді.

Еуроодақ министрі және Бас келіссөз жүргізуші Волкан Бозкыр Брюссельдегі байланыстарын аяқтады.
Министр Бозкыр сапарының 2-ші күнінде Солтүстік Кипр Түрік Республикасы (СКТР) Сыртқы істер министрі Өздил Намимен бас қосты.
Министрлер аралдағы соңғы жаңалықтар мен Еуроодақ алдында жүргізілген байланыстарды бағаландырды.
Бозкыр «СКТР-ның Кипр мәселесін шешуге бағытталған талпыныстарын барша жақсы біледі. Өкінішке орай осы талпыныстарды табыссыз көрсету үшін әсіресе Понти әкімшілігі соңғы кездері сылтауларын арттырды» деді.
Солтүстік Кипр Түрік Республикасы Сыртқы істер министрі Өздил Нами болса «Кипр түрік халқының заңды құқы мен мүдделерін қорғау үшін талпынысымызды көрсетеміз. Осы тақырыпта ең үлкен қолдаушымыз ана жұртымыз Түркия» деді.
ЕЕуроодақ және Түркия арасындағы саяси деңгейлі ынтымақтастықты күшейту үшін төрттік механизм құрылады.
Түркия-Еуроодақ төрттігінде Еуроодақ министрі Бозкыр Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Еуропа Одағының дамуға жауапты коммиссары Йоханнес Хан және Сыртқы істер жоғары өкілі Федерика Могерини міндет атқарады.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар