Грекия мен понтилердің қауесетіне Мысырдан қолдау келді

Грекия Түркияға қарсы понтилердің құқын қорғау үшін бір фрегат пен сүңгуір қайықты аймаққа жіберетінін мәлімдеді.

174850
Грекия мен понтилердің қауесетіне Мысырдан қолдау келді

Кипр понти әкімшілігі мен Грекияның Шығыс Жерорта теңізіндегі қауесеттеріне Мысырдан қолдау келді.

Понти әкімшілігі, Грекия және Мысыр Сыртқы істер министрлері Түркиядан Шығыс Жерорта теңізіндегі сейсмикалық зерттеулерін тоқтатуын және келешекте мұндай жұмыстарды жалғастырмауын талап етті.
Кипр понти тарапында бас қосқан понти, грек және Мысыр Сыртқы істер министрлері ортақ баспасөз жиналысы өткізіп, аймақтағы барлық елдерден Оңтүстік Кипр Республикасының өзіне тиесілі Экономикалық аймағындағы және құрлық алаңындағы егемендік құқы мен жауапкершілігіне құрмет көрсетілуін талап етті.
Понти Сыртқы істер министрі Йоаннис Касулидис Грекия және Мысырмен араларындағы ынтымақтастықтың «аймақтағы ешбір мемлекетке қарсы емес екенін» алға тартты.
Грекия Сыртқы істер министрі Эвангелос Венизелос болса Шығыс Жерорта теңізіндегі табиғи газ дағдарысында понтилерге қолдау беру мақсатты бір фрегат пен сүңгуір қайықты аймаққа жіберетіндерін мәлімдеді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар