Қазақ хоккейшілері Анкарада болды

Хоккей кубогының финалы 2015 жылғы ақпанда ұйымдастырылады.

165437
Қазақ хоккейшілері Анкарада болды

Қазақстан Сыртқы Істер министрлігінің интернет парақшасы Қазақстанның Хоккей командасы Түркияда жарысқа түскенін хабарлады.


Қазақстанның 2005 жылы құрылған «Айсұлу» атындағы Хоккейші әйелдер командасы Еуропа чемпиондарының әйелдер кубогын жеңіп алу мақсатымен Түркия астанасы Анкара қаласында басталған шайбалы хоккейдің іріктеу жарысына қатысты.
Кубок жарыстары 2005 жылдан бері өткізіліп келе жатыр. 2014 жылғы жарыс маусымы 3 кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде еуропалық 16 команда 4 командадан 4 топқа бөлініп сайысты.

Хоккей матчы көріністері
«Айсұлу» атындағы Қазақстан чемпион командасы Түркияның «Миллениум Анкара», Словакияның «Попрад» және Румынияның «Чиксереда» командаларымен сайысқа түсті.
Екінші кезеңде өз топтарының жеңімпаздары және екінші орынды иеленген төрт команданың үшеуі додаға түседі.
Кубоктың финалы 2015 жылғы ақпанда ұйымдастырылады.
Қазақстан командалары 2014 жылы 17-19 қазанда өткізілген жарыстарға қатысты. Ойындардың жабылу салтанаты 19 қазанда Анкараның Орталық Мұз ойындары сарайында ұйымдастырылды. Түркиядағы қазақ диаспорасының өкілдері, қазақ студенттері және Қазақстанның Түркиядағы Елшілігінің дипломаттары Қазақстан командасының шашбауын көтерді.
Қазақстанның Түркиядағы төтенше және өкілетті елшісі Жансейіт Түймебаев хоккейші әйелдер құрама командасын елшілік ғимаратында қабылдап, оларға табыс тілеп, сыйлық ұсынды.
«Айсұлу» атындағы Хоккейші әйелдер командасы Ресейдің Сочи қаласындағы жарыстың жеңімпазы болды. Қазақстандағы Қысқы Азия ойындарында алтын медаль алды.

 


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар