Боснияның аты аңызға айналған басшысы Иззетбегович еске алынды

Қабірі басындағы мерәсімге Түркияның атынан Сараево өкілетті елшісі Жиһад Эргинай қатысты.

163685
Боснияның аты аңызға айналған басшысы Иззетбегович еске алынды

Кеше Босния-Герцеговинаның аты аңызға айналған басшысы Алия Иззетбегович дүниеден озуының 11-ші жылдығында қабірі басында еске алынды.

Қабірі басындағы мерәсімге Иззетбеговичтің жанұясы және көптеген мекеме өкілі мен қалың жұрт қатысты.
Астана Сараеводағы Коважы шәйіттігінде өткен еске алу мерәсімінде Иззетбеговичтің мазарына гүл шоғы қойылды.
Мерәсімде Түркияның атынан Сараево өкілетті елшісі Жиһад Эргинай өкілдік жасады.
Эргинай осында сөйлеген сөзінде «Мен үшін Алияның алар орны аса маңызды. Менің замандастарым оның шығармалары, оның көзқарастары және пәлсапасымен жетілдік. Шынында да өз идеологиясына лайықты бір өмір сүрді» деді.
1992-1995 жылдары арасындағы Босния соғысы кезінде армияға қолбасшылық және Босния-Герцеговинаға тәуелсіздік жолында басшылық жасаған Білікті король лақапты Алия Иззетбегович соғыстан кейін шамамен 5 жыл елбасы болып қызмет етті.
2000 жылы науқастанған соң елбасы қызметінен отставкаға кеткен Алия Иззетбегович 2003 жылдың 19 қазан күні дүниеге көз жұмды.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар