Сыртқы істер министрлігі Кипр тақырыбында мәлімдеме жасады

Мәлімдемеде Еуроодақтың Кипр Понти тарапын одан шынайы бір ұстаным үшін ынталандыру керектігі білдірілді.

157794
Сыртқы істер министрлігі Кипр тақырыбында мәлімдеме жасады

Еуроодақ Кеңесі төрағасы Ван Рампуй Шығыс Жерорта теңізінде мұнай іздеу жұмыстарымен байланысты жасаған мәлімдемеде Түркияны салқын мінез көрсетуге және халықаралық құқыққа сәйкес қозғалуға шақырған болатын.

Сыртқы істер министрлігі мәлімдемешісі Танжу Билгич Еуропа Одағының Кипр тақырыбына және Понти әкімшілігінің Шығыс Жерорта теңізіндегі гидро карбон резервтерін шығарумен байланысты бір жақты бастамалары себепті туындаған келісімсіздік жағдайы мен мұның себептерін түсінбегенін айтты.
Билгич Кипр мәселесі шешілмейінше Понти тарапына мүшелік берген Еуропа Одағының ауқымды бір шешім аясында басылған қадамдарға үлес қосуының қиын екенін атап көрсетті.
Билгич «Еуропа Одағының енді осы шатақтан құтылып, кеш те болса кипрлық понтилерді мәселенің шешіміне баулитын тепе-тең және шынайы бір ұстаным ортаға қою керектігін ойлаймыз» деді.
Министрлік мәлімдемесінде «Еуропа Одағы тек қана осы арқылы Шығыс Жерорта теңізінің тыныштық пен ынтымақтастық аймағына айналуына үлес қоса алады» делінді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар