«Түрікмендер үшін қауіпсіз аймақ құрылсын»

Ирак Түрікмен Шебінің лидері Ершад Салихи жоғардағы талапты білдірді.

151130
«Түрікмендер үшін қауіпсіз аймақ құрылсын»

Салихи «Түрікмендер үшін қауіпсіз аймақ құрылуы керек» деді.

Ирак Түрікмен Шебінің лидері Ершад Салихи террористік ұйым Ирак Дамаск Ислам мемлекетінің қаупінде қалған түрікмендер үшін қауіпсіз аймақ құрылуын сұрады.
Салихи мәлімдемесінде Ирактағы қақтығыстардан түрікмендердің ауыр әсерге ұшырағанын айтты.
Түркияның Сирия шекарасында босқындар үшін қауіпсіз аймақ құрылуының күн тәртіпке келгенін ескерткен Салихи «Айн Ел Араб аталған Кобаниде қауіпсіз аймақ құрылуы қалай талап етілсе, біз де Ирактағы түрікмендер үшін қауіпсіз аймақ құрылуын сұраймыз. Орталық Ирак үкіметі мен Ербил әкімшілігі келісіп, түрікмендерді қорғау үшін қауіпсіз аймақ құруына болады» деп көрсетті.
Салихи «Бұл аймақ қай жерде болмақ?» деген сұраққа «Керкук пен Тузхурмату арасындағы аймақ болуы мүмкін. Соғыстан қашқан және Ирак Дамаск Ислам мемлекетінің қаупінде қалған түрікмендер осы өңірде құрылған қауіпсіз аймаққа әкелінуі керек» деген жауап берді.

 


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар