Понтилер келіссөздерден бас тартты

«Понтилер шынайылық көрсетпеді».

150813
Понтилер келіссөздерден бас тартты

Солтүстік Кипр Түрік Республикасы (СКТР) елбасы Дервиш Ероғлу понти тарапының келіссөз үстелінен бас татуын бағаландырды.
Ероғлу Кипр понти әкімшілігі басшысы Никос Анатадиадистің понти саяси партия басшыларымен өткізген жиналысының артынан келіссөз үстелінен шегіну шешімі қабылдауын қате бір ұстаным екенін айтты.
Елбасы Ероғлу «Келіссөздерден шегіну себебі ретінде Түркияның Кипр Республикасының егемендік құқын таптауы қауесетін алға тартуы, Кипр тақырыбындағы шынайылықпен ұйқаспайды және Кипр түрік халқының хақы мен құқын жоққа санайтын ұстанымының жаңа бір көрсеткіші» деді.
Ероғлу понти тарапының осы ұстаныммен Кипр тақырыбына келіссөз жолымен бір шешім табу талпынысында еріксіз екенін тағы бір рет ортаға қойғанын атап көрсетті.
Елбасы Ероғлу «Біз Кипрдағы шындықтар негізінде бір шешім үшін кеше болғандай, бүгін де орын аламыз» деді.
Елбасы Дервиш Ероғлу тақырыпты жан-жақты бағаландырған соң мәлімдеме жасалатынын да айтты.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар