Каспий саммиті Астраханьда өтті

Мемлекет басшылары бірқатар келісімге келді.

144656
Каспий саммиті Астраханьда өтті

Каспий маңында орналасқан бес елдің мемлекет басшылары Ресейдің Астрахань қаласында бас қосты.


Каспий теңізінің құқықтың мәртебесін анықтау мақсатымен жиналған саммитке Әзірбайжан, Ресей, Қазақстан, Түрікменстан және Иран президенттері қатысты.


Саммитте тараптар Каспийде ішкі теңіздің бөлісілуі тақырыбында принципте келісті. Осы тақырыпта келесі жылы бір келісім-шартқа қол қойылуына шешім берілді.


Саммитте қабылданған шешімге қарағанда, жағалаудағы мемлекеттердің билігіне 15 миль, арнайы балық аулау аймағы болса 10 миль болады. Бұдан қалған жердегі байлық көздері бірігіп қолданылады.


Алайда Каспий теңізіндегі нақты шекаралар әлі анықталмады, келесі саммитке дейін мұның да тамамдануы көзделіп отыр.


Саммитте екі жыл ішінде Каспийде ортақ теңіз оқу-жаттығуы өткізілуі де күн тәртібіне келді.


Ресей президенті Владимир Путин саммит аяғында жарияланған декларацияның Каспийдің құқықтық мәртебесі жөніндегі келісімнің іргетасын қалыптастырғанын білдірді.


Путин Каспийге жағалауы бар елдердің ғана аймақта әскер ұстауы керектігін алға тартты.


Әзірбайжан президенті Илхам Алиев те Каспий теңізінің болашақта да бейбітшілік, достық және ынтымақтастық аймағы болатынына сенетінін айтты.


Алиев аймақтық қауіпсіздікке қарсы жалғыз қауіптің Арменияның Әзірбайжанға деген басқыншы саясаты екендігін атап көрсетті.


Қазақстан мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев болса Каспий теңізі маңы елдерде еркін сауда аймағы құруды ұсынды.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар