Қытай тағы екі ұйғыр жасты дарға асуға шешім қабылдады

Қытайдың ұйғырларға бағытталған ауыр жазалау саясаты жалғасуда.

143878
Қытай тағы екі ұйғыр жасты дарға асуға шешім қабылдады

Ұйғыр Автономиялық аймағының Қашқар қаласы соты Имам Жұма Тахирдің өлтірілуімен байланысты 2 ұйғырға өлім жазасы, 1 ұйғырға да өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасы берді.
Қытай соты ұзақ уақыттан бері дағдарыстар жалғасқан Ұйғыр Автономиялық Аймағында террор және бөлшектенушілікпен айыптаған кісілерге ауыр жазалар береді.
Қашқар соты 2 ұйғыр жасқа «террор ұйымы құру және қастандық жасау» айыптарын тағып өлім жазасы берсе, бір адамды да «ұйым мен қастандыққа қосылғаны айыбымен өмір бойы бас бостандығынан айыруға шешім қабылдады.
Қыркүйек айының басында болса 3 адам қанды Кунминг шабуылдарына жауапты деген айып тағылып, дарға асу жазасы берілген болатын.
Сот өткен апта болса ұйғыр текті ғалым Илхам Тохтыны бөлшектенушілікпен айыптап, өмір бойы бас бостандығынан айыруға шешім қабылдаған болатын. Осы шешімге қатты наразылықтар көрсетілген еді.
Аймақта соңғы 1,5 жылда қақтығыстар барысында 400-ге жуық адам қаза тапты.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар