Тохтыға өмір бойы бас бостандығынан айырылу жазасы берілді

Еуроодақ ұйғыр ғалымы Тохтыға берілген жазаны айыптады.

135778
Тохтыға өмір бойы бас бостандығынан айырылу жазасы берілді

Қытайда Ұйғыр профессор Илхам Тохтыға берілген жазаны Еуроодақ (ЕО) қатаң түрде айыптады. ЕО шешімді ‘толығымен заңсыз’ деп бағаландырды.
Тохтының адвокаты твидтер парақшасынан жасаған мәлімдемеде Тохтыға «Мемлекетті бөлшектеушілік» айыбымен өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасы берілгенін білдірді.
Шыңжаң Ұйғыр Автономиялық Аймағында Үрімші Орталық Халық сотында өткен апта екі күн бойы «бөлшектеушілік» айыбымен сот алдына шығарылған Тохтының сот процесі баспасөз бен халықаралық бақылаушыларға жабық өткізілген болатын.
Тохты соттың алғашқы күні «бөлшектеушілік» және басқа да өзіне жабылған басқа да айыптарды қабылдамаған болатын.
Сот кезінде полиция аймақ және сот төңірегіндегі көшелерді көлік қатынасына жауып, журналисттерге қоса сот отырысына қатысқысы келген баршаны аймаққа кіргізбеген болатын.
45 жасар ұйғыр ғалым Тохты астана Пекиндегі Минзу Университетінде экономикадан сабақ беретін. Пекинде 15 қаңтар күні «бөлшектеушілік» айыбымен тергеуге алынып компьютер, қалта телефоны және кейбір академик жұмыстары кепілдікке алынған болатын.
Батыс әлемі Тохтының тұтқындалуына наразылық көрсетіп, еркін жіберілуі үшін шақыру тастаған болатын.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар