Байырбуджак түрікмендерінің жағдайы өте қиын

Ирак-Левант ислам мемлекеті экстремистік ұйымы (ИЛИМ) Ирактағы жылжуын жалғастыруда

103150
Байырбуджак түрікмендерінің жағдайы өте қиын

Ирак армиясы мен Асадқа қарасты күштер ИЛИМ ұйымына қарсы операциялар ұйымдастыруда.
Сирияда Асад жасақтарының танк мен зымырандар және оларға қолдау берген жойғыш ұшақтардың Лазкийенің Байырбуджак түрікмен аймағына шабуылдағаны білдірілді.
Дегенмен ИЛИМ қаупінің әсіресе Сирияға қарай бет алып тарауы аймақпен байланысты уайымдарды да арттырды.
Ирактық лауазымдылар ИЛИМ ұйымының Анбар аймағындағы Рутба ауданын қолға түсіргенін жариялады. Осылайша Ирактың Сирия шекарасына жақын аймақтар шекара бақылау бекеттеріне қоса ИЛИМ-нің бақылауына өтті.
Ұйым Сирияның Ирак шекарасы маңына жақын мұнай мен дақылға бай Дейр-уз зор аймағының да 70 пайызын бақылауға алды.
ИЛИМ-нің терроры мұнай нарығына да қауіп төндіруде. Өткен жұма күні кешкі уақытта ИЛИМ ұйымы елдің ең үлкен үшінші мұнай өңдеу орынына 3 рет шабуылдады. Дегенмен табысқа жете алмады.
Ирак әуе күштеріне қарасты тікұшақтар мен жойғыш ұшақтар Бағдаттың 250 шақырым қашықтығындағы Бейжи мұнай өңдеу орны үстінде бақылауларын бастады.
Күнделікті өңдеу күші 320 мың баррель болған станция ұйым мүшелерінің бақылауына өткен жағдайда, мұнай экспортының тоқтатуына және мұның мұнай бағаларын арттыратыны жайлы уайымдарды арттырады.
Ирактағы хаоста әсіресе түрікмендер қатты әсерленеді.
Ирак армиясы, Асадқа қарасты жасақтар және ИЛИМ арасындағы қақтығыстың ортасында қалған түрікмендер тіршіліктерін жалғастыру үшін күреседі.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар