Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер аймақтық және әлемдегі маңызды жаңалықтарға орын берген.

591084
Түрік баспасөзіне шолу

Сабах газеті «Мосул операциясы басталды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Ирак премьер-министрі Хайдар әл-Абади мемлекеттік арнада жасаған мәлімдемеде Мосулды террор ұйымы ДАИШ-тің бақылауынан құтқару операциясын бастағандарын атап, қала орталығына тек қана армия жасақтары мен полиция күштерінің кіретінін атап айтты. Абади Мосул халқының қауіпсіздік күштерімен ынтымақтастық жасауын талап етті.

Хабертүрік газеті «Анкарадан Бағдатқа делегация» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Түркия Мосул маңындағы Башика лагерімен байланысты дағдарыстың шешілуі және Анкараның қайғыларын түсіндіру үшін бұл апта Бағдатқа бір делегация жібереді. Иракқа баратын Анкара делегациясында Сыртқы істер министрлігі, Бас Штаб Басқармасы және Ұлттық Барлау ұйымы өкілдері де орын алады. Делегацияның күн тәртібінде Мосул операциясы және Түркияның Мосул маңындағы Башика лагері бар. Түркияның Мосул операциясына қолдау беру талабы мен Башика лагерімен байланысты өткен апта Анкара-Бағдат арасындағы мәлімдемелер дағдарысты күрделендірген болатын. Соңғы рет АҚШ-тың да Мосул операциясына кімдердің қатысатынына Ирактың шешім қабылдайтынын жеткізуі қызуды арттырған болатын. Түркияның Мосул операциясына қатысу талабымен байланысты президент Режеп Тайып Ердоған «Түркияны қаламайтын болса, біз басқа жобаларды іске қосатын боламыз» деп бұл тақырыптағы тұрақтылығын ашық түрде ортаға қойған болатын.

Хүррийет газеті «Дабык қайтарылды, кезек әл-Бабқа келді» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда «Евфрат қалқаны» операциясының 54-ші күнінде Түрік қарулы күштерінің қолдауын алған Еркін Сирия армиясы террор ұйымы ДАИШ тұрғысынан символдық маңызға ие Дабык ауылына басып кірді және бақылауға алды. Дабык ауылынан кері шегінген ДАИШ аймақтағы ең үлкен тұрғын аймақтарының бірі ретінде оңтүстіктегі Әл-Бабқа қарай шегінді. Еркін Сирия армиясыныңқазір Әл-Бабты кері қайтаруды нысанаға алуы күтіледі.

Йени шафак газеті «Еуразия туннелі ‘Әлемнің ең мықты туннель жобасы’ сайланды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда өте күрделі және сейсмикалық қимылы жоғары бір геологиялық құрылымда, 106 метр тереңдікте салынған Еуразия туннеліне АҚШ-тан үлкен сыйлық келді. Стамбұлдың екі құрлығын біріктіретін Еуразия туннелі ашылмай тұрып әлемнің ең мықты жобасы сайланды. 20 Желтоқсан күні ашылатын Еуразия туннелі «Engineering News Record» (ENR) журналының «Ең мықты жаһандық жоба жүлделері» тізімінде көпір-туннель категориясында бірінші орын алды.

Стар газеті «Түркиядан Еуропаға жылына мың 500 «Mercedes» марка мини автобус барады» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда «Mercedes»-тің жауапты сыртқы пішіндеуші фирмасы «Arobus» пен Еуропаға мини автобус экспорттайды. Мың 500 көлікпен басталатын жоба 3 мыңға жеткізіледі. Mercedes-Benz түрік жеңіл саудалық көлік сату директоры Туфан Акдениз «Түрік жұмыс күшімен жоғары сапада өндірілген көліктерімізді мақтан тұтамыз» деді.



Ұқсас жаңалықтар