01.09.2014 күнгі түрік баспасөзі

Бүгінгі газеттер аймақтық және әлемдегі кейбір жаңалықтарға орын берген

110183
01.09.2014 күнгі түрік баспасөзі

Стар газеті президент Режеп Таип Ердоғанның Әскери теңіз академиясында 114, Әскери әуе академиясында 194 лейтенанттың диплом және оң жақтағы бортты табыс ету мәресіміне қатысқанын жазған. Газет президент Ердоғанның оқуларын үздік аяқтаған студенттерге дипломдарын өз қолымен бергенін хабарлаған.
Акшам газеті премьер-министр Ахмет Давутоғлуның Стамбұлда жалғасқан жобаларды тікұшақтан қадағалағанын атап көрсеткен. Газет премьер-министр Ахмет Давутоғлуның қасындағы Стамбұл муниципалитет басшысы Кадир Топбаштан әсіресе үшінші көпір мен үшінші әуежай жобаларының соңғы жағдайымен байланысты мағлұмат алғанына назар аударған.
Йени Шафак газеті Стамбұлда Казлычешме және Гөзтепе арасындағы қатынас мерзімін 15 минутқа қысқартатын Еуразия туннельін аяқтауға 2,5 шақырым қашықтық қалғанын жазған. Газет зілзала мен цунамиге шыдамды салынған туннельдің Стамбұл бұғазының шамамен 25 метр тереңдігінде 850 метр ұзындығына ұласқаны атап көрсетілген.
Сабах газетінің экономика беттерінде жарияланған хабарда Анталияның еркін аймағында алғашқы жеті айдың ішінде 16 люкс яхтаның теңізге енгізілгені жарияланған. Газет Анталия еркін аймақ фирмасы Бас директоры Зеки Гүрсестің 50 метрден ұзын яхта тапсырысының көп келе бастағанын айтқанын білдірген.
Газет қаңтар-шілде кезеңінде аймақта өндірілген 16 яхтаның өткізілгенін атап айтқан Гүрсестің жылдың аяғына дейін теңізде жүзетін яхта санының 40-қа ұласатынын мәлімдегенін жазған. Хабарда Зеки Гүрсестің «Еуропа елдері, Ресей, Бахрейн, Катар және АҚШ-тан тапсырыс келеді» деген сөздері де орын алған.
Хабертүрік газеті «Мұздық ерімейді өседі» деп аталатын хабарында АҚШ-тық ғалымдардың жаһандық ысыну себепті мұздықтардың ерімегенін, керісінше ұлғайып жатқанын ғарыштан түсірген бейне көріністер және суреттер арқылы дәлелденгенін атап көрсеткен.
Хүррийет газеті «’Сусыз жаз’ үздік түрік фильмі сайланды» деп аталатын хабарында Мәдениет және туризм министрлігі тарапынан түрік кинофильмінің 100 жылдығына орай ұйымдастырылған ‘Үздік 100 түрік фильмі’ тізімі үшін дауыс беру қорытындысының жарияланғанын жазған. Газет осыған қарағанда Түркияға тұңғыш халықаралық жүлде келтірген ‘Сусыз жаз’ фильмінің 1-ші кезекте орын алғаны атап көрсетілген.
Миллийет газеті Түркия Футбол федерациясы (TFF) және Ұлттық Білім Министрлігі ынтымақтастығымен Стамбұлда ұйымдастырылған Мерал-Желал Арас спорт лицейінің хаттамасына қол қойылғанын атап көрсетілген.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар