Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

2190198
Түрік баспасөзіне шолу

Стар газеті«Ердоған АҚШ-та жаһандық жүйелерге сын айтты» деген хабарға орын берген. АҚШ-та өткен Түрік-Американдық Ұлттық Басқару Комитетінің (TASC) кездесуінде сөз сөйлеген Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған "Жаһандық мекемелер мен ұйымдар Газадағы зұлымдықты тоқтатып, Израильдің қырғынын болдырмау үшін ешқандай тиімді шара қолданбады" деп мәлімдеді.

Сабах газеті«Халықаралық деңгейде назар аударту үшін бар күшімізді салып жатырмыз» деген хабар жариялаған. Түркия Сыртқы істер министрі Хакан Фидан Ислам Ынтымақтастығы Ұйымы және Араб лигасының Газа бойынша байланыс тобының жиналысында "Палестинадағы бейбіт тұрғындарға қарсы шабуылдарға халықаралық назар аударту үшін бар күшімізді салып жатырмыз" деп білдірді.

Хүрриет газетітерроризммен күреске орын берген. Хабарға қарағанда,Түркия Қорғаныс министрлігі Ирактың солтүстігіндегі Гара аймағында анықталған екі PKK террористінің залалсыздандырылғанын жариялады.

Ватан газетіМинистр Шимшектің «Түркияға қызығушылық арта түсуде» деген сөздеріне орын берген. Түркия Қаржы және қазына министрі Мехмет Шимшек Германияның ірі компанияларының басшыларымен өткен саммитте кездесті. Кездесу туралы Шимшек "Түркияға деген қызығушылық арта түсуде" деді.

Хабер Түрік газеті«Карахан Нидерланд Орталық Банкінің төрағасымен кездесті» деген хабарға орын берген. Түркия Республикасы Орталық Банкінің  төрағасы Фатих Карахан Нидерланд Орталық Банкінің төрағасы Клаас Кнотпен кездесті. Кездесу барысында Орталық банк төрағасы Карахан мен Кнот ақша-несие саясаты мен экономикалық перспективаларға қатысты пікір алмасты.



Ұқсас жаңалықтар