Нетаньяху Рафахқа құрлықтан шабуыл жасайтындарын айтты

Израиль күштері Рафах қаласын жиі әуе шабуылдарымен нысанаға алуда.

2102564
Нетаньяху Рафахқа құрлықтан шабуыл жасайтындарын айтты

Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяху палестиналықтардың паналаған соңғы аймаққа ықтимал құрлық шабуылының ауыр салдары болатыны туралы ескертулерге қарамастан, Рафах аймағын нысанаға алатындары жайлы мәлімдемелерін жалғастыруда.

Нетаньяху «X» әлеуметтік медиа платформасында бөліскен хабарламасында Рафахқа шабуыл жасау жоспары жөнінде мәлімдеме жасады.  

Нетаньяху Рафахқа құрлықтан шабуыл жасайтындарын айтты.

Нетаньяху «Біз түбегейлі жеңіске жетке дейін соғысамыз және Рафахқа да операция жасалады» деді.

Көптеген халықаралық ұйымдар мен елдер, әсіресе Біріккен Ұлттар Ұйымы қоныс аударған палестиналықтардың пана болған Рафахқа құрлық шабуылының ауыр зардаптарға әкелетінін ескертіп, Израильді бұл әрекеттен бас тартуға шақырған болатын.

Израиль шабуылдарынан бұрын Газаның Мысырмен шекарасында орналасқан Рафах қаласында шамамен 280 мың палестиналық тұратын. Израильдің 7 қазандағы шабуылдары салдарынан шамамен 2,3 миллион халқы бар Газа секторында 1,9 миллион адам босқынға айналды.

Қоныс аударған палестиналықтардың көбі Рафахты паналады. Солтүстік аймақтардан келгендерді қосқанда  Рафах халқы төрт еседен астам өсіп, 1,4 миллионға жетті.

Израиль күштері Рафах қаласын жиі әуе шабуылдарымен нысанаға алуда. Израиль Рафах қаласына құрлықтан шабуыл жасауда.



Ұқсас жаңалықтар